Серік Ешмұхамбетұлы Көмеков (1944, Тараз қаласы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990).
Ташкент мемлекет университетін бітірген (1967). 1967 – 1968 жылы Ташкент мемлекет университетінің теориялық физика кафедрасының оқытушысы 1968 – 1973 жылы Санкт-Петербургтегі А.Ф. Иоффе атындағы Физика-техикалық институтының аспиранты 1973 – 1994 жылы Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің Жамбыл технология институтында аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, проректор 1994 – 1997 жылы ҚР Білім министірлігі Жоғары білім мен ғылым басқармасының университеттер мен институттар бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, ҚР Білім министірлінің Инспекциялау басқармасының бастығы 1997 – 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекет университетінің теориялық физика кафедрасының меңгерушісі 1998 – 2000 жылы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры 2000 – 2001 жылы Алматы технология университетінің проректоры 2001 жылдан Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық техника университетінің ғылым және халықар. қатынастар департаментінің директоры.
Шығармалары Жартылай өткізгіштер мен қатты полимерлердің фотоэлектрлік, оптикалық және кинетикалық қасиеттерін зерттеумен шұғылданады. Динамический эффект Штарка при переходах с дискретного уровня в континуум – ЖЭТФ. 1981, т. 81; Возбуждение короткими импульсами света двухуровневой системы с релаксирующим возбужденным состоянием – Оптика и спектроскопия, 1983; Полоса фотолюминесценции и антистоксовое излучение нативного коллагена в видимой области спектра. – Биофизика. 1991, т. 36.Тараз Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1944 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан физиктері Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар