Әбдіманап Бапанұлы Көпберген (6.7.1946 жылы туған, Жамбыл облысы , Талас ауданы Ақкөл ауылы) – қоғам қайраткері. Ысты руынан шыққан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының зоотехникалық (1970) әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1997) бітірген. 1965 – 1986 жылы Талас ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехнигі Сарысу ауданының «Түгіскен» асыл тұқымды мал з-тында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник-селекционер, шаруашылық партия к-тінің хатшысы. 1986 – 1993 жылы Сарысу ауданы «Сарысу» кеңшарының директоры Сарысу ауданы атқару к-тінің төрағасы, осы ауданның әкімі. 1994 – 1999 жылы ХІІІ шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999 жылдың желтоқсан айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің ауыл шаруашылығы хатшылығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары.
ҚР журналистер одағының мүшесі «Аманатқа адалдық» кітабының авторы «Астана» медалінің «КСРО-ның өнертапқышы» атағының иегері.Тараз Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Көпберген Әбдіманап Бапанұлы
Санат:6 шілдеде туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Ақкөлде (Жамбыл облысы) туғандар Санат:Сарысу ауданының әкімдері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің I шақырылымының депутаттары Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:КСРО өнертапқыштары Санат:Қазақстан өнертапқыштары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан журналистер одағы мүшелері