Павел Петрович Рогальский (14.7.1904, Украина, Полтава облысы Гадяч — 1987, Алматы) — актер, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халық артисі (1957). Сахналық өнер жолын Днепропетровск музыкалық театрының қосымша құрамында актер болудан бастады. Ол көбіне комедиялық бағыттағы рөлдерді орындаумен өзінің жарқын мінезді актер екенін байқатты. 1937 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының орыс драма театрында актер болды. Орыс және шетел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, елеулі сахналық бейнелер жасады. Сахналық тұлғаның сыртқы кескін-бейнесін дәл табушылық, сондай-ақ қаһарманның ішкі жан дүниесін терең психологиялық тұрғыда ашып көрсету — оның актерлік шеберлігіне тән қасиет. Жазушы Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” спектакліндегі Қарабай рөлі осы тұрғыда шешім тапты. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Павел Петрович Рогальский · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.