Валентина Алексеевна Кузьменко (1 сәуір 1940, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Алматы облысы Қаскелең ауданындағы «Каменский» асыл тұқымды мал зауытының сауыншысы, Еңбек Даңқы орденінің толық иегері (1991).
Өмірбаяны 1940 жылы 1 сәуірде Қазақ КСР Алматы облысы Қаскелең ауданы Қаскелең ауылында (қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданындағы қала) дүниеге келген.
1973 жылдан бастап Алматы облысы Қаскелең ауданындағы «Каменский» асыл тұқымды мал зауытында сауыншы болып жұмыс істеді. Жыл сайын сүт алуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1978 жылғы 30 наурыздағы Жарлығымен III дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды.
1980 жылы өзіне бекітілген 23 сиырдан 1099 жоспардың орнына 1206 центнер сүт сауған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1986 жылғы 7 шілдедегі Жарлығымен II дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды.
КСРО Президентінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен үлкен өндірістік жетістіктері және жұмысындағы жоғары кәсібилігі үшін Валентина Алексеевна Кузьменко I дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды. Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды.
Қазақстан КП ОК мүшесі (1986-1990), Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. КОКП XXVI (1981) съезінің, Қазақстан КП XV (1981) және XVI съездерінің делегаты, Қазақстан КП Тексеру комиссиясының мүшесі.
1991 жылы зейнеткерлікке шықты. Алматы облысы Қарасай ауданындағы Красный Восток ауылында (1996 жылдан бастап – Ақжар) тұрады (қазіргі Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы шағын аудан).
Марапаттары III дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (30.03.1978) II дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (07.07.1986) I дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (18.12.1991) медалдарымен, оның ішінде КСРО ХШЖК медальдарымен, «Бесжылдықтың екпіндісі» және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілерімен марапатталғанКузьменко Валентина Алексеевна. «Герои страны» сайты. .
Әдебиет Документы Государственного архива Российской Федерации Орденская книжка, награжденного орденами Трудовой Славы трех степеней
«Казахстан». Национальная энциклопедия: Том 1;
Дереккөздер