Ыбраев Ысқақ (1911 жыл, Солтүстік Қазақстан обл., Приишим ауд.,Қаратал аулы – 16 шілде , 1965 жыл, СҚО, Сергеев ауд.,Тереңсай с-зы) — Совет Одағының батыры (27.2.1945). 1940 жылдан КПСС мүшесі. Педагогикалық училищені бітіріп, мұғалім болып қызмет атқарған.

1942ж шілдеде Қызыл Армия қатарына шақырылып, Горький қаласындағы М.В.Фрунзе атындағы әскери-саяси училищесінде, кейін Могилев жаяу әскер училищесінде оқыды. 1944ж наурызындан–1945ж ақпанға дейін 60-гвардияшы Қызыл тулы Павлоград атқыштар дивизиясы 177 атқыштар полкінің құрамында взвод командирі болып соғысқа қатысты. Одер өңірінен өту кезінде асқан ерлік көрсетті. Армия қатарынан оралғаннан кейін Алматы Жоғары Партия мектебін бітіріп, СҚО-ның Октябрь аудандық партия комитетінің секретары болды. 1957 жылдан Сергеев ауданының Новопокров, Тереңсай астық с-здары парткомының секретары болып жұмыс істеді.

Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған. Ол қайтыс болар алдында партком секретары болып істеген совхозға батырдың есімі берілді. Қазақ совет энциклопедиясы, 12 том, 346 б.

Дереккөздер