Шәкір Төлемісов (6 қаңтар 1907 — 1988 жылы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақ мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылым депутаты (1938). Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Өмірбаяны Төлемісов Шәкір 1907 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Табын ауданында қазақ отбасында дүниеге келген. Ол жас кезінде мал бағумен айналысып, Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардағы қиын экономикалық жағдайда отбасына көмектескен.

1929 жылы қалаға көшіп, фабрикада жұмыс істейді. Осы кезеңде ол сауат ашу курсын аяқтап, негізгі білім алуға мүмкіндік алды. 1932 жылы Ташкентте мал айдау бригадасының басшысы болды. Жұмысты ұйымдастыру және адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті бұл қызметте байқалды.

1934 жылы Қарақалпақстандағы қазақ босқындарының арасында жұмыс істеп, олардың Қазақстанға оралуын ұйымдастырды. Кейін қоныстанушылармен бірге Қаскелең ауданына қоныстанды.

1937 жылдан бастап Екпінді ұжымшарында (Іле ауданы) жылқы шаруашылығымен айналысты. Оның еңбегінің арқасында Қызыл Әскер атты әскерінің қажеттілігі үшін асыл тұқымды жылқы өсіру жөнге салынды Еңбегi үшiн ұжымшар, жергiлiктi органдар тарапынан бiрнеше рет марапатталып, 1937 жылы КСРО егін шаруашылығы халық комиссариатының сыйлығының лауреаты атанды.

1938 жылы Қаскелең сайлау округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Ұлы Отан соғысы басталар алдында Алматыдағы ауылшаруашылық техникумын бітіріп, «Политотдел» ұжымшарының төрағасы болып тағайындалды.

1942 жылы Шәкір Төлемісов майданға аттанды. 7-гвардиялық атты әскер дивизиясында қатардағы минометші қызметін атқарды. 1943 жылы қазан айында жараланып, «Үздік минометші» белгісімен марапатталды. Майдандағы ерен еңбегі үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, 12 медалмен марапатталды. 1945 жылы қазанда әскерден қайтты.

Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында жұмысын жалғастырды. Сталин атындағы, «Екпінді», Ленин атындағы ұжымшарларының төрағасы, Жамбыл атындағы ұжымшарының төрағасы болды. Оның басшылығымен Жамбыл ұжымшары кеңшарға айналып, ондағы бір бөлімшенің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1973 жылы Шәкір Төлемісов зейнеткерлікке шықты. Қазақ КСР-де республикалық маңызы бар зейнеткер атағы берілді.

Шәкір Төлемісов 1988 жылы қайтыс болды.

Марапаттары I дәрежелі Отан соғысы ордені (09.06.1945) Ерлігі үшін медалі

Галерея

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысында туғандар Санат:Алматы облысында қайтыс болғандар Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары