Александр Абрамович Рабинович (1936, Әзірбайжан) - ғалым. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1972), Философия докторы.
Өмірбаяны Әзірбайжан өнеркәсіп институтын бітірген (1958). 1961-1967 жылдары - «Маңғышлақмұнай» бірлестігі геологиялық бөлімінің аға геологы. 1967-1973 жылдары - Маңғышлақ геология барлау-тақырыптық партиясының бастығы. 1973- 1996 жылдары - Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында мұнай-газ кен орындарын іздестіру және барлау лабораториясының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары. 1996 жылдан - зейнеткер. 2000 жылдан - ЖШС «Оптимум» тағайындаушысы және директоры.
Марапаттары ҚР жер қойнауларының құрметті барлаушысы. Оңтүстік Жетібай кен орнының тұңғыш ашушысы. Медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан ғалымдары