Александр Наумович Рапопорт (1913 жыл, Атырау – 1979 жыл, Атырау) — кеңестік мұнайшы.

Өмірбаяны 1928–1939 жылдары Рапопорт — Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінде слесарьдің шәкірті, слесарь, мұнай жабдықтарын жөндеу механигі. 1939 жылдан 1978 жылға дейін ол «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бас механигі болды.

Марапаттары Рапопорт Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған еді.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: «Мұнайшы» Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары