Шұлғау. Қонышты аяқ киім кигенде аяққа орайтын матаны осылай атайтынымыз белгілі. «Қонған жерде шұлғауларымызды, сығып кептіреміз» (Сәкен Сейфуллин, Tap жол.). «Шұлғау» сөзінің шыққан төркінін және алғашқы мағынасын мына мәліметтер-ақ анықтайды. Қырғыз тілінде «чулга», ноғайларда «шулгав», туваша «шуглаар», хакастарда «сулга», якут тілінде «суулаа» дыбыстық құрамдағы сөздер қазақ тіліндегі «орау», «қымтау» мағыналары орнына қолданылады. Демек, «шұлғау» зат есімі «шұлға» (бізше—«ора») етістігінен.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер
Санат:Лингвистика