Шарият Қалмаханқызы Жусақинова (27. 1. 1966 жылы туған, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы) - тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1994). Алматы педагогика шет тілдері институтының ағылшын тілі факультетін бітірген (1988). 1988—1991 жылдары Алматы шет тілдер институтының жалпы тіл білімі кафедрасында аспирант. 1991—1993 жылдары ҚР ҒА- ның А. Байтұрсынов атынд. Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер. 1993 жылдан ҚазМӘТУ-де оқытушы. Профессор Ә. Хасенов пен Қ. М. Есеновтың жетекшілігімен қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемнің табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері туралы канд. дисс. қорғады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар