Бұрынғы атауы №10 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жайық көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 651,5 м.
Жайық - Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауынан басталып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне қүяды. Жалпы ұзындығы - 2428 шақырым. Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1084 шақырым. Жайық өзені бойымен Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері