Шілікті қысқа көшесі (Астана) - бұрынғы атауы А. Герцен қысқа көшесі. Шілікті қысқа көшесі Тамшалы көшесінен басталып, А. Герцен көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 259 м.

Шілікті — жер атауы. Шілік - өзен жағалай немесе сазды жерге топталып өсетін өзегі жіңішке ағаш түрі. Осы ағаштың мол өсетін жерлерін қазақтар «шілікті» деп атаған. Шілікті атты елді мекендерді Қазақстанның көптеген өңірінен кездестіруге болады.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері