Қызылжар – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде орналасқан. Шажағай, Сарыбұлақ өзендері аралығында. Абсолюттік биіктігі 1043 м. Батыстан шығысқа қарай 14-15 км-ге созылып жатыр, ені 10-12 км.
Геологиялық құрылымы Төменгі тас көмір кезеңі жыныстарынан түзілген. Гранитті, жалаңаш жақпартасты келеді.
Өсімдігі Адыр, жыра-сайларындағы құнарсыз топырақта селеу, бетеге, көпек, жусан өседі. Беткейлері мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары