Қызылсораң – Сарыарқаның шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Кешубай жотасынан Қалақтас аңғарымен бөлінген. Солтүстіктен онтүстікке қарай 10 км-ге созылған, енді жері 7-8 км. Оңтүстікке қарай біртіндеп аласаратын аласа тау жұрнағынан тұрады. Абсолюттік биігтігі 1320 м.
Геологиялық құрылымы Төменгі тас көмір, орта және жоғарғы девон жыныстарынан, аллювийлік-делювийлік шөгінділерден түзілген.
Сипаты мен өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында мысыққұйрық, селеу т. б. шөптер, қараған, тобылғы сияқты бұталар өседі, ойпаң жерлерінде тал аралас кайың кездеседі. Данабұлақ, Ақтайлақ өзендерінің салалары бастау алады. Қызылсораң шөбі шүйгін мал жайылымы, атырабында кыстаулар (Қарамола, Қалақтас) бар. Шығыс етегінде Сарыобалы ауылы орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары