Ақши — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Күрті ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің солтүстік-батысында 82 км-дей жерде, Күрті өзенінің оң жағалауында, Бозой мен Қарой үстіртті жазықтарының қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен46625646 5650 100,1 2800 2925 104,5 2846 2725 95,7

Тарихы Ақши 1997 жылғы дейін Күрті ауданының Т. Бокин атындағы шаруашылығының орталығы болған. Оның негізінде ауылда "Бент" АҚ және 183 жеке шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ақшиде орта мектеп, Т.Бокин атындағы мәдениет үйі, кинотеатр, балабақша, аурухана, мешіт, шағын кәсіпорындар бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3.

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері