Жергілікті жерді инженерлік жабдықтау — өз әскерлеріне ұрыста (операцияда) колайлы жағдай тудыру, карсыластың ұрыс қимылдарын қиындатып, шығынға ұшырату мақсатында жүргізілетін инженерлік жабдыктау. Жергілікті жерді инженерлік жабдықтаудың сипаты әскерлердің жауынгерлік тапсырманы орындау барысындағы ұрыстың (операцияның) түрі мен ауқымына, жергілікті жер жағдайына, жыл маусымы мен тәулік мезгіліне, күшқұралдар санына және уакытқа байланысты болады. Жергілікті жерді инженерлік жабдықтау ерте кезден бастап жүргізілген. Жергілікті жерді инженерлік жабдықтау Бірінші дүниежүзілік соғыста, әсіресе, оның бекініс кезеңінде кеңінен пайдаланылды. Кеңес Армиясында азамат соғысы кезінде маңызды бағыттарда далалык бекініс аудандары жасалды. Жергілікті жерді инженерлік жабдықтау жүмыстары әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдары, атап айтсақ, Мәскеуді, Сталинградты, Курскіні қорғауда кеңінен дамыды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс