Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты — Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік органҚазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының өкілеттігі, құрылу тәртібі және қызметі Конституциямен және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңмен белгіленеді.
Тарихы Қазақстанда конституциялық бақылау институтын құру 1989 жылы Қазақ КСР Конституциясына Конституциялық қадағалау комитетінің құрылуын көздейтін толықтыру енгізумен байланысты, алайда ақыр аяғында бұл комитет құрылмады.Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың қалыптасу тарихы мен дамуы
Кейінірек «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады деп белгіленді. Қазақстанда Конституциялық сот 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңы негізінде құрылды. Бұл органды Республика Жоғарғы Кеңесі 1992 жылғы 2 шілдеде сайлап, ол 1995 жылғы қазанға дейін конституциялық бақылауды жүзеге асырды. Оған 11 адам: төраға мен он судья кірді. Конституциялық соттың алғашқы және жалғыз төрағасы Мұрат Баймаханов болды.
1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес Конституциялық сот жұмысы тоқтады."Демократиялық институт": Конституциялық сотты не үшін қайтару қажет? 1995 жылғы Конституцияның негізінде Конституциялық Кеңес 1996 жылғы ақпанда құрылды.
2022 жылы 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Соған орай 2023 жылы 1 қаңтарда Конституциялық сот жұмысын бастады.Конституциялық сот жұмысын бастады
Мәртебесі Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
Соттың құрамы және оны құру тәртібі Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, 11 судьядан тұрады. Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Конституциялық Соттың 10 судьясын Қазақстан Республикасының Президенті Республика Құрылтайының келісімімен лауазымға тағайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
Өкілеттік мерзімі Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі 8 жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды. Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
Соттың құзыреті Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды.
Конституцияның 73-бабына сәйкес Конституциялық Сот: дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді; Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді; Республика азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Республика нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды; Республика нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды; адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Республика нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.
Конституцияның 46-бабына сәйкес Республика Президенті адамның және Республика азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы, сондай-ақ Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Конституция талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру туралы өтініш жібереді.
Конституцияның 50-бабына сәйкес: Республика Президенті Конституциялық Сотқа өз еркімен орнынан түсуге мәлімдеме берген жағдайда, Конституциялық Сот мәлімдемені Президенттің өзі және өз еркімен бергенін растайды. Республика Президентін денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданар алдында Конституциялық Сот белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытынды береді.
Конституцияның 56-бабына сәйкес Конституциялық Сот Құрылтайға Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайын жолдау жібереді.
Конституцияның 79-бабына сәйкес Конституциялық Сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан актіні конституциялық емес деп тану туралы соттың өтiнiшiн қарайды.
Төрағалар тізімі № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (1992–1995) 1 99px Мұрат Баймақанов 2 шілде 1992 19 қазан 1995Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының төрағасы М.Т.Баймахановтың қызметiнен босатылуы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі (1995–2022) 1 99px Юрий Ким 24 қаңтар 1996 15 қараша 2000Конституциялық Кеңестің экс-мүшелері 2 99px Юрий Хитрин 21 желтоқсан 2000 15 маусым 2004 3 99px Игорь Рогов 15 маусым 2004 11 желтоқсан 2017 4 99px Қайрат Мәми 11 желтоқсан 2017 31 желтоқсан 2022 Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (2022–) 1 99px Эльвира Азимова 1 қаңтар 2023 —
Судьяларының тізімі Реті Аты-жөні Тағайындалған уақыты Лауазымы 1 Эльвира Азимова 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот төрағасы 2 Бақыт Нұрмұханов 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы 10 қаңтар 2023 Конституциялық сот төрағасының орынбасары 3 Сәкен Абдолла 23 қыркүйек 2026 Конституциялық сот судьясы 4 Лейла Жақаева 23 қыркүйек 2026 Конституциялық сот судьясы 5 Қайрат Жақыпбаев 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы 6 Айжан Жатқанбаева 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы 7 Айгүл Қыдырбаева 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы 8 Қанат Мусин 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы 9 Сергей Скрябин 23 қыркүйек 2026 Конституциялық сот судьясы 10 Аслан Тукиев 23 қыркүйек 2026 Конституциялық сот судьясы 11 Сергей Ударцев 1 қаңтар 2023 Конституциялық сот судьясы (1992 — 1995, 2023 — )
Бұрынғы судьяларының тізімі Аты-жөні Судья/мүше болған уақыты Лауазымы Мұрат Баймақанов 1992 — 1995 Конституциялық сот төрағасыВ тени конституционного правосудия Игорь Рогов 1992 — 1995 Конституциялық сот төрағасының орынбасары 2004 — 2017 Конституциялық кеңес төрағасы Аманжол Нұрмағамбетов 1992 — 1995 Конституциялық соттың судья-хатшысы 2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі Георгий Ким 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы Сабыр Қасымов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы Людмила Башаримова 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы Кеңес Жалмұханбетов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясыҚазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары туралы Жолымбет Бәйiшев 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы Виктор Малиновский 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы 2007 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Ордағали Ықсанов 1992 — 1995 Конституциялық сот судьясы 1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі Юрий Ким 1996 — 2000 Конституциялық кеңес төрағасы Салахиден Сәбикенов 1996 — 1998 Конституциялық кеңес мүшесі Владимир Мамонов 1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі Серік Темірболатов 1996 — 1999 Конституциялық кеңес мүшесі Николай Акуев 1996 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі Виталий Шопин 1996 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі Жұмабек Бұсырманов 1998 — 2002 Конституциялық кеңес мүшесі Анатолий Котов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі Амангелді Есенжанов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі Құрманбек Омарханов 1999 — 2005 Конституциялық кеңес мүшесі Юрий Хитрин 2000 — 2004 Конституциялық кеңес төрағасы Светлана Бычкова 2002 — 2007 Конституциялық кеңес мүшесі Қабылсаят Әбішев 2002 — 2008 Конституциялық кеңес мүшесі Қуаныш Балтабаев 2002 — 2008 Конституциялық кеңес мүшесі Николай Белоруков 2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі Үбайдолла Стамқұлов 2005 — 2017 Конституциялық кеңес мүшесі Анар Жайылғанова 2008 — 2016 Конституциялық кеңес мүшесі Ілияс Бақтыбаев 2008 — 2016 Конституциялық кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев 2016 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Үнзила Шапақ 2016 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Қайрат Мәми 2017 — 2022 Конституциялық кеңес төрағасы Иоган Меркель 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Рахмет Мұқашев 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Әлібек Темірбеков 2017 — 2022 Конституциялық кеңес мүшесі Нұрсұлтан Назарбаев 2019 — 2022 Конституциялық кеңестің өмір бойғы мүшесі Ерлан Сәрсембаев 2023 — 2025 Конституциялық сот судьясы Асан Ескендіров 2023 — 2026 Конституциялық сот судьясы Еркін Оңғарбаев 2023 — 2026 Конституциялық сот судьясы Роман Подопригора 2023 — 2026 Конституциялық сот судьясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Конституциялық Соты