Серік Нұртайұлы Баймағанбетов (8 қыркүйек 1958 жыл, Қызылту ауылы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР) — кеңестік, қазақстандық заңгер, заң ғылымдарының кандидаты; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2009-2011), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2011-2012).
Өмірбаяны Төре руынан шыққан. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған. 1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды. 1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді. 2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі Әділет вице-министрі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2009 жылғы 2-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды. 2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді. 2011 жылдың мамыры-2012 жылдың ақпаны аралығы - Қазақстан кедендык бақылау комитетінің төрағасы.
Марапаттары "Құрмет"орденімен марапатталған. Отбасы Үйленген. Қызы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:8 қыркүйекте туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Көкшетау облысында туғандар