Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы) – философия ғылымының докторы (1995), профессор (1999).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы (1969–71), Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры,
Мәдениет проблемалары орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды.
1995 жылдан ҚР ҒМ–ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ақатай 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы
Шығармалар Тереңнен тартқан тамырлар, Ақатай, 1989; Інжу-маржан секілді, Ақатай, 1995.
Дереккөздер
Санат:11 қазанда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары