Владимир Николаевич Шнитников (20.7.1873, Ресей, Санкт-Петербург қаласы – 25.1.1957, Мәскеу түбі) – биология ғылымдарының докторы (1934).
Ново-Александровск ауыл шаруашылығы және орман өсіру институтын бітірген (1897). Полесьеде (1897–1906), Қазақстанда (1907–1922 және 1941–1955), Ленинградта (1922–1941, қазіргі Санкт-Петербург) қызметтер атқарған. Жетісу өңірін аралап, оның табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін зерттеген. Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауындағы 2 мұздық Шнитников есімімен аталады.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:20 шілдеде туғандар Санат:1873 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:25 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1957 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Ресей биологтары Санат:КСРО биологтары Санат:Ново-Александровск ауыл шаруашылығы және орман өсіру институты түлектері