Көбенсай (2003 жылға дейін — Степное)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлініс тарихынан (25.04.1921 ж. - 01.01.2017 ж.) — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Телжан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Теке көлінен оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, оған құятын өзімен аттас жылғаның жағасында, құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 790 адам (393 ер адам және 397 әйел адам) болса, 2009 жылы 521 адамды (249 ер адам және 272 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1929 жылы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде қаланды. 1954 жылы тың жерлерді игеру кезінде мұнда “Степной” астық кеңшары орталық ұйымдастырылды. 1997 жылы кеңшар таратылғаннан кейін оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері