Шалма — ауыл шаруашылық құралы. Қазақтар берік қайыс немесе арқанның бір ұшын тартқанда ол тарыла түсетіндей етіп байлап, Шалма жасайды. Көшпелі мал шаруашылығы мен айналысқан қазақтар Шалманы асау малды ұстау үшін пайдаланып келген. Малшылар жылқының мойнына Шалма салып, асау малды күшпен тоқтатқан. Асау жылқыларды кейде бұғалық салу, құрық салу, арқан лақтыру арқылы да ұстауды Шалмамен ұстау деп те айта береді. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Қазақтар Мал шаруашылығы Ауыл шаруашылығы Дереккөздер
Санат:Құралдар