ЖАНӘДІЛОВ Орынбай (1933, Арал ауданы – 1977, Қызылорда қаласы) – теміржолшы, КСРО-ның құрметті теміржолшысы. Ташкент темір жолы институтын бітірген (1956). 1956 – 1961 ж. Жамбыл депосы, Жамбыл темір жол бөлімшесінде қызметте болды. 1961 – 1977 ж. Қазалы вагон депосы, Шымкент кәсіподақ саласында жауапты қызметте, Қызылорда темір жол бөлімшесін басқарды. Жанәділов бірнеше рет Қызылорда кеңесінің депутаты, болып сайланды. Бірнеше мемлекеттік ордендер мен медальдардың иегері. Облыста темір жол саласының өркендеуіне үлкен үлес қосқан.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Орынбай Жанәділов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.