Пантокрин (Pantocrіnum; панты – сыртын жұмсақ барқыт тәрізді тері жапқан жас мүйіз және грек. krіno – бөлемін) – марал, Шығыс Сібір бұғысы мен теңбіл бұғының қатаймаған мүйізінен дайындалатын спирт қосылған сұйықтық. Пантокрин ашық сары түсті, мөлдір, рН 5,4 – 5,8 болады. Өндірісте пантокриннің 1 – 2 мл-лік егуге арналған ампуладағы ерітіндісі, қатты түрдегі таблеткасы өндіріледі. Оны медицинада невроз, неврастения, белсіздік, шаршау, жұқпалы аурулардан кейін әлсіздік пайда болғанда қолданады. Пантокрин препаратын дәрігер тәулігіне 2 – 3 рет 25 – 40 тамшыдан не 1 – 2 таблеткадан ішуге, күніне 1 рет 1 – 2 мл-ден тері астына немесе ет арасына егуді тағайындайды. Емдеу мерзімі 2 – 3 апта. Атеросклероз, стенокардияда, қан қоюлануы өте жоғары болғанда, нефриттің ауыр түрінде, іш өткенде пантокрин препаратын қолдануға болмайды.Қазақ Энциклопедиясы, V-том

Дереккөздер</span>

Санат:Дәрілер