нобай|335x335 нүкте|Шениязов Әнуарбек Рашитұлы. Әнуарбек Рашитұлы Шениязов (туғ. 1959, Семей) — қазақстандық кескіндемеші, график.Қазақстанның бейнелеу өнері – Каталог / Невзоров отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы ISBN: 978-601-210-035-8
Өмірбаяны Семей қаласында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін оқыған (1978–1981).
Музейді безендіргені үшін «БАМ құрылысы үшін» медалімен марапатталған (1983). В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институты жанындағы шеберханаларда кескіндеме курстарынан (академиялық мектеп көлемінде) өткен (2002–2006).
Суретші туынды ортаға|нобай|396x396 нүкте|Талтүс. Күз. Березово ауылы..Кенеп, майлы бояу
Шығармашылығы Қалалық көрмелердің қатысушысы. Олардың қатарында: Семей суретшілерінің жыл сайынғы «Осенний салон» көрмелері (Невзоровтар отбасы атындағы облыстық өнер музейі, Семей); «Какого цвета центр материка» көрмесі (ШҚО өнер музейі, Өскемен, 2009); «Туған жеріم Семей қаласы суретшілері туындыларының көрмесі (2012); Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО өнер музейіндегі X халықаралық орыс өнері «Прииртышские напевы» фестивалі аясындағы сәндік-қолданбалы өнер көрмесі (Семей, 2012) және т.б.
Туындылары Жапония, АҚШ, Канада, Ресей, ҚХР, Греция, Германия, Қазақстандағы жеке жинақтарда сақталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан суретшілері Санат:1959 жылы туғандар Санат:Семей тұлғалары