Очирту-Цецен хан, кейде Цецен хан (моңғ. Очирт Сэцэн хан, орыс. Учюрта-хан, Очюрта-хан, туған жылы белгісіз - 1676 немесе 1680 жыл) - хошоуыт тайшысы, 1657 - 1676 жылдары ойраттардың бас ханы. Байбағастың үлкен ұлы, Абылай тайшының туған ағасы, Гуши ханның немере інісі.
Өмірбаяны
Әкесінің өлімінен кейін алашан хошоуыттарының билеушісі болды. 1640 жылы «Дала заңдарын» әзірлеуге белсен қатысқан. 1657 жылы ол V Далай-ламадан «Цэцэн хан» атағын алып, бастапқыда ойраттар арасында бас хан ретінде танылды. 1676 жылы Қалдан-Бошоқтының тұтқынына түсіп, Биджийн-Гол өзенінде қайтыс болған. Оның әйелі Доржи-Рабдан Аюканы паналауға мәжбүр болды.
Әдібиет
Митиров А. Г. Ойраты-калмыки: века и поколения. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1998. — 384 с.
Санат:Қалмақ хандығы Санат:Жоңғар хандығы