нобай|446x446 нүкте|Варгог Евгений Александрович Евгений Александрович Варгот (1948 жыл) — кескіндемеші, монументші, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі (2002), КСРО Суретшілер одағы мүшесі (1978).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі

https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Татар КСР-інің Верхне-Услон ауданындағы Свияж селосында дүниеге келген.

Білімі

1963–1968 жылдары К. А. Савицкий атындағы Пенза көркемсурет училищесінде білім алған. 1981–1986 жылдары Магнитогорск мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде оқыған.

Еңбек жолы

1971 жылдан бастап Қостанай облысы Лисаковск қаласында тұрды. Көркемсурет қорында, балалар көркемсурет мектебінің директоры қызметінде жұмыс істеді (Қостанай, 1983–1991). 1991 жылдан бастап Челябинскіде тұрып, жұмыс істейді. Челябинск көркемсурет қорының бас суретшісі, Ресей Суретшілер одағы Челябинск бөлімінің төрағасы болды.

1978 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.

Шығармашылығы Пейзаж, портрет, натюрморт жанрында жұмыс істейд. Тақырыптық туындылардың және әкімшілік, ҚР білім беру ғимараттарын безендіруге арналған отыздан астам монументті (сграффито, мозаика, өрнекпен әшекейлеу) жұмыстардың авторы.

Облыстық, республикалық, халықаралық және бүкілодақтық (Қазақстан, Ресей, Эфиопия, Франция, Бельгия, Германия, Люксембург) көрмелерге қатысқан.

Белгілі туындылары:

«И. А. Грушин азық-түлік эмиссары. 1918» (1982) — Кенеп, майлы бояу; 190х130. Оң жақ төменде автордың қолы мен күні: Е. Варгот 82 г. ТК 556. ҚазСРО ММ ККД-нан (1986).

Марапаттары

Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі (2002)

Суретші туындылары ортаға|нобай|443x443 нүкте|Эмиссар продовольствия Грушин И.А

Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер