нобай|319x319 нүкте|Баянов Гани Балмуканович Ғани Балмұқанович Баянов (1949 жыл) — қазақстандық график, акварельші, мемлекеттік сыйлықтың стипендиаты (2012), КСРО Суретшілер одағы мүшесі (1981).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі

https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Қостанай облысының Қоржынкөл ауылында дүниеге келген.

1973 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.

1981 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың стипендиаты (2012).

Көрмелері Облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан. Олардың қатарында:

Алматы қаласындағы ҚР Суретшілер одағының көрме залында өткен «Жігер» жас суретшілер фестивалі; ІХ Республикалық жастар өнері көрмесі (1980); «Алма-Ата» арт-орталығындағы «Графика әлемі» көрмесі (2011) және т. б.

Жеке көрмелері: Алматы қаласында жеке көрмелері өтті:

Ә. Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі «Бір коллекциядан алынған картиналар» (2011); «Алма-Ата» арт-орталығындағы «Этюдтер» (2012); ART HALL GAZEEFF галереясындағы «Күміс шырағдан» (2014); Ә. Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі «Акварель» көрмесі.

Музей жинақтарындағы туындылары Суретшінің туындылары Қазақстан, Ресей, Германия, Франция, Түркия, Бельгия және АҚШ-тағы жеке коллекцияларда сақтаулы.

Суретші туындылары Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер