Ачеван немесе Чаоси — деректерде Күшлік ханның ең белгілі ұлы ретінде аталады. Әкесі 1218 жылы қаза тапқан кезде оның жасы шамамен 10-да болған. Оны анасымен бірге (қарақытай ханшайымымен) моңғол әскерлері тұтқынға алып, кейін олар Гүрбесудің (найманның бұрынғы ханшайымы, кейін Шыңғыс ханның әйелі болған) қамқорлығына берілді.Рашид ад-Дин. Жылнамалар жинағы. — Мәскеу; Ленинград: КСРО Ғылым академиясының баспасы, 1952. — Т. 1, кн. 2. — Б. 151.

Шоси ер жетіп, Моңғол империясына адал қызмет етті. Хандардан Далу (Талу) деген әулеттік атақ алып, Қытайда беделді шенеуніктік әулеттің негізін қалаушы болды.Моңғолдардың құпия шежіресі. — § 198.Бартольд В. В. Очерк истории Семиречья. — Фрунзе, 1943. — Б. 40.

Деректерде Шосидің үш ұлы (Күшліктің немерелері) аталады:

Бухуа — Гуанси провинциясының жоғары дәрежелі инспекторы. Вэньгуй — императорлық кітапханашы әрі ғалым. Яньшоу — Танъинь уезінің даруғасы.Гумилёв Л. Н. Поиски вымышленного царства. — Мәскеу: Айрис-пресс, 2002. — Б. 171.Абу-ль-Фарадж бин Харун. Кучлік пен Қарақытай мемлекеті туралы мәліметтер // Гумилёв Л. Н. Поиски вымышленного царства. — Мәскеу: Айрис-пресс, 2002.

Дереккөздер

Санат:Наймандар