Берік Сәлімжанұлы Дүйсенбинов (19 маусым 1971, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері. «Ақ жол» демократиялық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI және VII шақырылымдары депутаты.
Өмірбаяны 1971 жылы 19 маусымда Қазақ КСР-інің Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1995 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек және қоғамдық қызметі 1995–1998 жылдары — Өскемен қаласының Ішкі істер департаментінде тергеуші болып жұмыс істеді.
1998–2003 жылдары — Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің кеңесшісі болды, ал 2003 жылдан бастап партияның Орталық комитетінің іс басқарушысы қызметін атқарды.
2006–2016 жылдары — коммерциялық ұйымдар мен коммерциялық емес бірлестіктерде басшылық қызметтер атқарды, соның ішінде «Атамекен» ҰЭПК, Астана экономикалық палатасы «Атамекен одағы», «Қазақстан ұлттық индустриялық палатасы» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, «ҚазТуф» ЖШС және «Төкен» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2011–2016 жылдары — «Ақ жол» ҚДП орталық кеңесінде өңірлік жұмыс жөніндегі хатшы қызметін де атқарды.
Сайланбалы қызметтері 2016 жылы «Ақ жол» ҚДП-дан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымы депутаты болып алғаш рет сайланды. 2016 жылы 24 наурызда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына кіріп, 2020 жылдың желтоқсанына дейін оның мүшесі болды. 2021 жылы қаңтарда «Ақ жол» партиясының партиялық тізімі бойынша Мәжілістің VII шақырылымына қайта сайланды.
Марапаттары 2010 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Шығыс Қазақстан университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары