Қырым Герей, сондай-ақ Дәулет Герей СұлтанКырымлы Х. К вопросу о «Чобан Гераях» в истории Крымского ханства. «Вопросы истории» № 10(2). Москва, 2020. — С. 284. (, шамамен 1638 жылы туғ.) — Қырым хандығының қолбасшысы, Әділ Герей хан тұсындағы сұлтан-қалғай (1666-1671).

Өмірбаяны Ол ханның інісі және Шобан Герей тармағының өкілі болды. Фатих Герей Сұлтанның ұлы.

1666–1671 жылдардағы поляк-казак-татар соғысы кезінде Қырым әскерін басқарды. 1666 жылы Браилов түбіндегі шайқаста ол Речь Посполитая әскерін сенімді түрде жеңді. Алайда 1667 жылы Подгайцы түбіндегі шайқаста Петр Дорошенконың әскерімен өзара қимылды дұрыс үйлестіре алмауы салдарынан ауыр жеңіліске ұшырады. Кейін қалғай Ян Собескиймен «мәңгілік бейбітшілік» туралы келісімге қол қойды. Алайда бұл келісім іс жүзінде уақытша бітіммен ғана шектелді.

Гетманщинадағы Сол жағалау казактарының көтерілісі (1668–1669) кезінде, көтерілісшілердің басында гетман Иван Брюховецкий қайтыс баолғаннан кейін оның орнын Петр Дорошенко басты. Осы тұста Қырым ханының бұйрығымен Қырым Герей оған көмекке жіберілді. 1668 жылы қазанда Қырым Герей қалың Қырым әскерімен күтпеген жерден Северщинаға келіп, Григорий Ромодановский Чернигов қоршауын бұзғаны туралы Мәскеуге хабар жеткізу үшін жіберген орыс жасағын Гайворон түбіндегі шайқаста талқандады. Бұл ұрыста Ромодановскийдің ұлы Андрей Ромодановский тұтқынға түсті. Содан соң Қырым Герей гетманның інісі Григорий Дорошенко бастаған көтерілісшіл казактармен бірге Путивльге қарай шегініп бара жатқан Григорий Ромодановскийдің негізгі әскерін талқандауға алты күн бойы әрекет жасады. 1668 жылғы Конотоп түбіндегі шайқаста алайда қорғаныста тұрған орыс әскері жеңіске жетті. Григорий Дорошенконың жеткілікті қолдау көрсетпегеніне қатты ашуланған Қырым Герей оған ағасы Петр Дорошенконы бұдан былай қолдамайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Қырым хандығы билік үшін күресте Петр Суховейді қолдай бастадыБабулин И.Б. Война за возвращение Украины 1668–1669 гг.. — М. : Русские Витязи, 2021. — С. 162—163., ал Мәскеумен дипломатиялық келіссөздер жүргізу қолға алынды.

Осы оқиғалардан кейін Қырым Герей Дорошенкоға қарсы күреске қатысты, алайда бұл әрекеттері ойдағыдай болмады. Осман сұлтаны Әділ Герейді Гетманщинадағы Осман мүдделеріне қарсы ұстанымы үшін тақтан түсіргеннен кейін, Қырым Герей де қалғай лауазымынан айырылды.

Дереккөздер

Санат:Қырым хандығының қалғайлары