нобай|оңға|Ел ахуалы туралы тұңғыш сөзін айтқан Президент Вудро Вильсон, 1913 жылғы 2 желтоқсан. Бұл — Конгресс алдында берліген осы түрдес 1801 жылдан бергі бірінші сөз. Ел ахуалы туралы жыл сайын сөз сөйлеу дәстүрі осылай бастау алды. нобай|оңға|Президент Дональд Трамптың Ел ахуалы туралы 6-жолдауы, 2026 жылғы 24 ақпан. 1 сағат 48 минутқа созылған бұл жолдау — АҚШ тарихындағы ең ұзақ Ел ахуалы жолдауы және АҚШ Конгрессі алдында айтылған ең ұзақ жолдау.

Ел ахуалы туралы жолдау (, ) — АҚШ-тың қазіргі жағдайын баяндайтын, АҚШ Конгрессі алдында жыл сайын айтылатын АҚШ президентінің жолдауы. Көбіне жыл басында айтылады. Жолдау әдетте елдің бюджеті, экономикасы, жаңалықтары, күн тәртібі, жетістіктері мен атқарылған жұмыстары, сондай-ақ президенттің басымдықтары мен заңнамалық ұсыныстары туралы ақпарат қамтиды.

Бұл жолдау АҚШ Конституциясының II бабы, 3-бөлімінің 1-тармағында белгіленген президенттің «Конгресске Ел ахуалы туралы ақпаратты мезгіл-мезгіл ұсынуға және өзі қажетті әрі орынды деп санайтын шараларды олардың қарауына ұсынуға тиіс» деген талабын орындайды. Ел тарихының алғашқы ғасырының көп бөлігінде президент Конгресске негізінен тек жазбаша есеп беріп отырған. Алайда 1913 жылдан бастап АҚШ-тың 28-президенті Вудро Вильсон президенттің күн тәртібіне қолдау жинау мақсатында Конгресcке сөз сөйлеуді жеке өзі жеткізу дәстүрін тұрақты түрде енгізді. Сонымен қатар ол егжей-тегжейлі жазбаша есеп те ұсынды. Радио мен теледидардың пайда болуымен бұл жолдау қазір АҚШ-тың барлық уақыт белдеулерінде көптеген теле- және радиоарналар арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл жолдау әдетте қаңтар немесе ақпан айларында беріледі. Өкілдер палатасының спикері президентке Палата залын пайдаланып сөз сөйлеуге шақыру жібереді. 1981 жылдан бастап АҚШ-тың 40-президенті Рональд Рейган жаңадан қызметіне кіріскен президенттердің өз өкілеттік мерзімінің бірінші жылында Конгресске сөз сөйлеу дәстүрін бастады. Алайда бұл сөз сөйлеу ресми түрде «Ел ахуалы туралы жолдау» деп аталмайтын.

Ел ахуалы туралы қазіргі таңда соңғы жолдау — Президент Дональд Трамптың 2026 жылғы 24 ақпандағы жолдауы. Ол ел тарихындағы президенттің ең ұзаққа созылған жолдауы болып шықты.

Дереккөздер

Санат:АҚШ президенттері жолдаулары Санат:АҚШ президенті лауазымы