Айжарық Бекбауұлы (1829, Торғай облысы – 18 наурыз 1869, Торғай облысы) ISBN 978-601-7472-43-6 — қазақтың биі, 1869 жылғы Батыс Қазақстандағы көтерілістің негізгі ұйымдастырушыларының бірі. Жылқышы Табын руынан шыққан. Қобда өңіріндегі беделді қоғам қайраткерлерінің бірі болған.
Өмірбаяны Айжарық Бекбауұлы 1860–1862 жылдары Ұлы Қобда өзенінің шығыс бөлігін қамтыған 57-дистанциядағы Тамды сағасы, Қобда және Қарақобда бойындағы ауылдардың үкімет бекіткен жергілікті биі қызметін атқарды. Оның басқаруындағы аумақта 571 шаңырақ болған. 1862 жылы түтін салығын уақытында жинамағаны, нақтырақ айтқанда бір жылға кешіктіргені үшін би қызметінен босатылды.
1869 жылғы көтеріліс барысында Айжарық Бекбауұлы оның басты ұйымдастырушыларының бірі болды. Ол 700 адамнан тұратын жасақты басқарып, көтерілістің негізгі әскери қимылдарына қатысты. 1869 жылғы 18 наурызда Бестамақ маңында подполковник Новокрещенов бастаған жазалаушы әскерге қарсы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Осы шайқаста Айжарық бимен бірге 26-дан астам көтерілісші де мерт болды. Айжарық Бекбауұлы Қобда өңіріндегі Қарсақбайдың Қара моласы аталған әулеттік қорымға жерленген. Оның құлпытасы бүгінгі күнге дейін сақталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақ билері