«Тың жерлерді игергені үшін» медалі () — КСРО мемлекеттік марапаты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен белгіленді. Медал жобасының авторы — суретші Филиппов Н.Н.

Медал жайлы ереже «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен Қазақстан, Сібір, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ республикалары мен Қырым аудандарындағы тың және тыңайған жерлерді игеруде жақсы еңбек еткені үшін ұжымшаршылар, кеңшарлар, МТС, құрылыс және басқа да ұйымдардың қызметкерлері, партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол қызметкерлері марапатталады.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапаттауға тың және тыңайған жерлерді игеру аудандарында, әдетте, кемінде екі жыл еңбек еткен қызметкерлер ұсынылады.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының атынан марапатталғандардың тұрғылықты жері бойынша автономиялық республикалар Жоғарғы Кеңестері Төралқаларының және өлкелік, облыстық, аудандық және қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңестері атқару комитеттерінің төрағалары, төрағалардың орынбасарлары мен мүшелері табыстайды.

Медальмен бірге марапатталған адамға белгіленген үлгідегі марапаттау куәлігі табысталады.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, ордендер мен басқа медальдар болған жағдайда «Донбасс көмір шахталарын қалпына келтіргені үшін» медалінен кейін орналасады.

Медалдің сипаттамасы «Тың жерлерді игергені үшін» медалі түсті металдан жасалып, диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер пішінге ие. Медаль құлақшасының жасалу нұсқасы екі түрлі болды — жонылған дөңгелек және сирек кездесетін дөңес дөңгелек.

Медалдің беткі жағында егін жинау кезіндегі өздігінен жүретін комбайн (С-4), ал егістік көкжиегінде элеватор бейнеленген. Медалдің төменгі бөлігінде үш жолға «Тың жерлерді игергені үшін» () деген жазу орналасқан.

Медалдің артқы жағында: төменгі бөлігінде жан-жаққа таралған күн сәулелері бар орақ пен балға, жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдыз, сол жағында бидай масағы, ал оң жағында жүгері собықтары бейнеленген.

Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы келеді. Медалдің беткі және артқы жағының шеттері шығыңқы ернеумен жиектелген.

Медалді киімге бекіту үшін бесбұрышты таған қолданылады. Таған бір бұрышы төмен қаратылған бесбұрышты тілім түрінде жасалған. Тілімнің төменгі бұрышында медалді тағанға бекітуге арналған пішінді ойық бар. Тілімнің артқы жағында тағанды киімге бекітуге арналған түйреуіш түріндегі құрылғы орналасқан.

Таған ені 24 мм жібек қатқыл таспамен тысталған. Таспа қою жасыл түсті, жиектері бойымен екі сары жолақ өтеді. Әр жолақтың ені — 3 мм.

Тарихы «Тың жерлерді игергені үшін» медалін қайта марапаттау жағдайлары да белгілі.

Ерекше көзге түскен азаматтарды жеке марапаттаумен қатар, медальмен еңбек ұжымы да марапаттала алды. Мысалы, 1966 жылы 12 қазанда «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен Киров атындағы Орал политехникалық институтының комсомол ұйымы марапатталды. Сондай-ақ бұл медалге Киев әскери округінің автомобиль батальоны ие болды. 1963 жылы 16 қыркүйекте Қазақ политехникалық институты медалмен марапатталды. Осы медалмен марапатталғандардың бірі — Ю. А. Гагарин. Одан кейін бұл медал қону орнында көптеген басқа ғарышкерлерге де табысталды.

Екі рет марапатталғандар Казаков Юрий Иванович (үш рет) Бенедиктов Иван Александрович Бовин Александр Иванович Почупайло Яков Гурьевич Васягин Семен Петрович Толубко Владимир Федорович Халипов Иван Федорович Тегісов Талғат Ахметұлы Кобежикова Евгения Гавриловна Боровых Андрей Егорович Сергеев Геннадий Дмитриевич Тасқынбаев Есен Тасқынбайұлы Сәбденов Қалдыбек Сәбденұлы Ерёмин Николай Иосифович Горбатко Виктор Васильевич Қадамбаев Тоқтарбай Қадамбайұлы Быковский Валерий Федорович Прусов Пётр Михайлович

Суреттеме

Әдебиет

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары