Ирина Викентьевна Боречко (13 қаңтар 1972; Қарағанда, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық гандболшы, 2002 жылғы Азия чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Официальный сайт Управления физической культуры и спорта Карагандинской области

Өмірбаяны Балалық шағында жүзумен айналысқан, кейін гандболға ауысқан. 12 жасынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Афанасий Лидің қол астында жаттыққан.

Қазақ дене шынықтыру және спорт институтының түлегі, Алматының «Экономист» және «Алматы» клубтарында өнер көрсеткен, Ресей және Түркия чемпионаттарында ойнаған.Куда приводят мячи Ганбдол. Ирины Боречко возвращается

1999 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, 2002 жылы гандболдан Азия чемпионатында жеңіске жетті, 2002 және 2006 жылдары Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды, әлем чемпионаттарына қатысып, Олимпиадада өнер көрсетті.

2008 жылы Ирина Боречко спорттық мансабын аяқтады,Ирина Боречко решила завершить спортивную карьеру 2004 жылдан бастап жаттықтырушылық курстарға қатысып келеді.

2009 жылы Қарағандының гандбол тобын басқарып, Қазақстан чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.Ирина Боречко: «Это для нас большой успех» 2014 жылдан бастап Беларусьтің БНТУ-БЕЛАЗ клубында жұмыс істейтін жаттықтырушы, 2004/2005 жылдары туған қыздар командасын жаттықтырады.Жодинки показали хороший гандбол В Жодино начнут готовить спортсменок по гандболу

Дереккөздер

Санат:Қазақстан гандболшылары Санат:Алматы ГК ойыншылары Санат:Гандболдан Азия чемпиондары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері