Элеанор Фрэнсис Хелин — америкалық астроном.

Ол жалпы 903 астероидты және бірнеше кометаны ашты (немесе басқа ғалымдармен бірлесіп ашты). Кометалардың арасында: 151P/Хелин, 152P/Хелин — Лоуренс, 111P/Хелин — Роман — Крокетт және басқалар.

Сонымен қатар 1949 жылы комета ретінде бақыланған және ұзақ уақытқа жоғалып кеткен 107P/Уилсон — Харрингтон нысанын ол астероид ретінде қайта ашқан болатын. Бұл өте сирек кездесетін белсенді астероидтардың бірі болып келеді.

Элеанор Хелиннің құрметіне орай (3267) Гло астероиды аталды. Гло — бұл әріптестері арасында қолданыста болған Хелиннің лақап аты.

1998 жылы оның есімі Технологиядағы Әйелдер Даңқ Залына енгізілді.

Дереккөздер

Санат:АҚШ астрономдары Санат:Кометаларды ашушылар Санат:Астероидтарды ашушылар