(4015) Уилсон — Харрингтон, сонымен қатар 107P/ Уилсон — Харрингтон — әрі астероид, әрі комета болып келетін шағын аспан денесі, Жерге жақын нысандарға жатқызылады. 2022 жылдың шілдесінде Жерден 0,4 а. б. (60 млн шақырым) қашықтықта өтті.
Бақылау тарихы Оны 1949 жылдың 19 қарашасында Алберт Уилсон және Роберт Джордж Харрингтон Паломар обсерваториясында ашты. Оның газ шашырататын құйрығы болған соң, оны комета ретінде тіркейді. Алайда орбитасын есептеуге жеткілікті мәлімет жиналмай, бұл ұзақ уақытқа жоғалған нысан ретінде қалады.
1979 жылдың 15 қарашасында Элеанор Хелин оны дәл сол обсерваториядан бақылап, астероид ретінде тіркейді. 1988 жылдың желтоқсанында нысанға (4015) деген нөмір беріледі. 1992 жылдың тамызында бұл 30 жыл бұрын ашылған комета екені айқындалады.
Нысанға оны алғаш бақылаған адамдардың аттары берілді.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (4001—4100) (7968) Эльст — Писарро (2060) Хирон Санат:Астероидтар Санат:Кометалар