Юрий Николаевич Пак (1942 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1989), профессор (1991). 1967 ж. Томск политехникалық институтын бітірген. 1967–1972 ж. Қарағанды базалық изотоп лабораториясында инженер, аға инженер, жетекші конструктор 1975–1994 ж.қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде аға ғылым қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болған. 1994 ж. сол университетте оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарады."Қазақ Энциклопедиясы". Ғылыми еңбектер 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы. Дереккөздер
Санат:Ғылым