Тоқтас, Тоқташ – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі, Шу аудандары жерімен ағады.

Бастауы Қырғыз Алатауының мұздықтарынан бастау алады. Қырғызстанда Шоққайыңды, Қарабалта деп аталады. Төменде Тасөткел бөгеніне құяды.

Гидрологиясы Өзеннің жалпы ұзындығы 115 км, Қазақстан аумығындағы ұзындығы 32 км, су жиналатын алабының аумағы 660 км2. Жоғарғы және орталық арнасы тік жарқабақты, терең шатқалдардан тұрады. Тау алды жазығына (Шу аңғарына) шыққаннан кейін аңғары кеңейеді. Қар, мұздық, жер асты суларымен толығады. Желтоқсан – ақпан айларында суы қатады. Өзен жағалауы шабындық. Суы аудан шаруашылықтарының егістігіне пайдаланылады. Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы Санат:Шу ауданы өзендері