Қызылжар () — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы қалалық үлгідегі елді мекен, Таскөмір қаласының әкімшілігіне бағынады.

Географиялық сипаттамасы Ауыл Қырғызстанның батысында, Ферғана алқабында орналасқан. Таскөмір теміржол стансасынан 26 км қашықтықта.

Тарихы 1952 жылы ауылға қалалық үлгідегі елді мекен мәртебесі берілді.

Экономикасы және инфрақұрылымы Қызылжарда екі орта мектеп, балабақша, психиатриялық аурухана, кітапхана және басқа да нысандар бар.

Дереккөздер

Санат:Жалалабат облысы елді мекендері