Огюст Оноре Шарлуа (; 26.11.1864 — 26.03.1910) — франциялық астроном.
Зерттеулерді жүргізуді телескоппен бастап, кейін Макс Вольф ойлап тапқан астрофотография әдісіне көшеді. 1887 және 1904 жылдар аралығында жалпы есеппен 99 астероидты ашқан (немесе бірлесіп ашқан).
1898 жылдың 13 тамызында ол алғашқы ашылған Жерге жақындайтын астероидты бақылады. Алайда дәл сол түні Берлиннен бақылау жүргізген Карл Густав Витт осы астероидты ашқан адам ретінде бекітілді.
1899 жылы Франция астрономиялық қоғамы атынан берілетін Жюль Жансен сыйлығының алғашқы лауреаттары қатарына қосылды.
Екі рет үйленген. 1910 жылы бірінші әйелінің ағасы қолынан қайтыс болды.
Астрономның құрметіне орай 1939 жылы Ницца обсерваториясында ашылған (1510) Шарлуа астероиды аталды.
Дереккөздер
Санат:Франция астрономдары Санат:Астероидтарды ашушылар Санат:Жюль Жансен сыйлығының лауреаттары