Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек (12 қыркүйек 1990 жыл, Жаңаарық, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының атынан сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты. 2023–2026 жылдары «Аманат» партиясының соңғы атқарушы хатшысы.
Өмірбаяны Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.
2009 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта «Жас Отан» жастар қанатында әртүрлі лауазымдар атқарды: 2009-2010 жылдары Астана қаласы Алматы ауданындағы «Жас Отан» төрағасының бірінші орынбасары, 2010-2012 жылдары Астана қалалық жастар мәслихатының депутаты, 2012-2014 жылдары Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, 2014-2015 жылдары «Жас Отан» хатшылығының сарапшысы, ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің облыстық кураторы, 2017-2018 жылдары «Жас Отан» хатшылығының басшысы, 2018-2019 жылдары «Жас Отанның» атқарушы хатшысы, 2019-2020 жылдары «Жас Отанның» төрағасы болды.Карибек Даулет Жамаубайулы (персональная справка) 2015 жылы ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабында, 2016 жылы «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабында қызмет етіп, 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарғанда ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың республикалық штабының «Team Qazaqstan» жастар қанатына жетекшілік етті.
2020-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.
2022 жылдың наурыз айынан бастап «AMANAT» партиясының Хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауында «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
2023 жылғы 17 шілде күні «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалды.Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалды Бұл қызметті партия 2026 жылғы 14 маусымда таратылғанға дейін атқарды. 2020 жылдан бастап қазірге дейін — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының мүшесі болды.Дархан Кыдырали и Даулет Карибек вошли в Бюро Политсовета «Nur Otan»Казахстанская партия "Нур Отан" обновила состав бюро политсовета
2026 жылы «Аманат» партиясы таратылғаннан кейін «Әділет» партиясы төрағасының жобалар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды.ЦИК зарегистрировала партийный список партии "Әділет"
2026 жылғы 27 тамызда «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша Құрылтайдың I шақырылым депутаты болып сайланды.110 депутат: «Әділет» партиясы Құрылтайға өткен депутаттар тізімін жариялады
Отбасы Кәрібек үйленген, бір ұлы бар. Әйелі Индира Сәдібекқызы Рыстина 1987 жылы туған, 2025 жылдан бастап — Л. Гумилёв атындағы ЕҰУ проректоры.Дос Мәліктің Instagram желісіндегі жазбасыРыстина Индира Садыбековна (персональная справка)
Дереккөздер
Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары