Александр Михайлович Быстров (31 қаңтар 1962, Кандалакша қ., Мурманск облысы, РКФСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткер.

Өмірбаяны Быстров Александр Михайлович 1962 жылы 31 қаңтарда Мурманск облысы, Кандалакша қаласында дүниеге келген.

Білімі 1983 жылы КСРО ІІМ Ленинград жоғарғы әскери-саяси училищесін бітірді.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді (мамандығы — құқықтанушы-заңгер).

1999 жылы ҚР Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді (мамандығы — мемлекеттік қызмет менеджері).

Еңбек жолы Осы жылдар ішінде әскери-саяси қызметте, оның ішінде Алматы қалалық мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополиялардың қызметтерін реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының директоры болып жұмыс істеді.

2005 жылдың 30 мамырынан 2006 жылдың 14 қыркүйегіне дейін — Өскемен қаласының әкімі болды.

Дереккөздер

Санат:Өскемен әкімдері