Леон Фламан (30 сәуір 1877 жыл, Париж, Франция - 2 қаңтар 1917 жыл, Ив, Франция) — 1896 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан француз велошабандозы және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшқыш. Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері.

Спорт Фламан 1896 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында велотрек бойынша төрт жарысқа қатысты. 1896 жылы 8 сәуірде ол Нео Фалирон велодромында өткен 100 км жарыста (300 айналым) бақ сынады. Тоғыз қатысушының тек екеуі ғана мәреге жетіп, Фламан грек спортшысы Георгиос Колеттистен 11 айналымға озып, алтын медаль жеңіп алды. Екі күннен кейін ол тағы үш жарысқа қатысты. 10 км қашықтықта ол отандасы Поль Массоннан кейін екінші келіп, күміс медаль иеленді. Ол велодромда алты айналымнан тұратын спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Уақытқа жарыста Фламан бесінші орынды өзге спортшымен бөлісті.

Ұшқыш 1898 жылы ол ұлттық әскери борышын өтеу үшін Францияның 8-ші жаяу әскер дивизиясына қосылды. Кейін 1914 жылы Әуе күштеріне бақылаушы ретінде қабылданып, 1916 жылы әскери ұшқыш атанды. 1916 жылы 21 маусымда Верден маңында тапсырманы орындау кезінде оның ұшағына оқ тиді. Басынан жараланса да және экипажы қаза тапса да, Фламан ұшағын базаға дейін аман-есен жеткізе алды. Ауруханада емделіп шыққан соң, өз эскадрильясына оралды және сержант шеніне көтерілді. Кейінірек Оқу дивизиясының тобына ауыстырылды. 1917 жылы 12 қаңтарда Ив маңында жаңа Sopwith қосқабатты ұшағын сынақтан өткізу кезінде техникалық ақау болып, ұшақ құлап, Фламан қаза тапты.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Франция велошабандоздары Санат:Франция Олимпиада чемпиондары Санат:Веложарыстан Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары