Қауымдастырылған үштік (трио; , asotsirebuli trio; ; ) — Грузия, Молдова, Украина сыртқы істер министрліктері мен Еуропа одағы арасындағы еуропалық интеграцияға және Шығыс әріптестікпен ынтымақтастықты арттыруға міндеттеме алуға қатысты кеңейтілген ынтымақтастық, үйлестіру және диалог ұйымы.
Қауымдастырылған трионың үш мүшесі де қазіргі уақытта Терең және жан-жақты еркін сауда аймағы (ТЖЕСА) арқылы ЕО-мен еркін саудасады және Еуронест Парламенттік ассамблеясының мүшелері болып табылады.
2022 жылғы ақпан-наурыз айларында Ресейдің Украинаға басып кіруіне реакция ретінде үштіктің бәрі де бірнеше күн ішінде ЕО-ға кіруге өтініш берді.
Тарихы Грузия, Молдова және Украина сыртқы істер министрлері (Давид Залкалиани, Аурелий Чокой және Дмитрий Кулеба) арасындағы бірлескен меморандум форматты құруға бастамашы болды. Оған 2021 жылғы 17 мамырда, Киевте қол қойылған.
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба сөзінше, бұл бастама көмегімен үш ел еуропалық интеграция арқылы бірге тиімдірек алға жылжи алатын болады. Оның айтуынша, үштікке үш басты элемент кіреді: үш елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы Еуропалық интеграция жайлы ақыл-кеңес орнауы, ЕО мүшелері мен органдарымен деген үш елдің диалогын жалғастыру, Шығыс серіктестік ішіндегі елдердің позицияларын нақтылау.
Украина, Грузия және Молдованың Еуропа одағына мүше болуы — елдердің ортақ мақсаты және олар Еуропа елдерімен бірлікті қалпына келтіргісі келеді, деді өз кезегінде Грузияның Сыртқы істер министрі Давид Залкалиани.
Мүшелері нобай|оңға|Шығыс серіктестік мүше-мемлекеттері
Қауымдастырылған үштікте бар Шығыс серіктестік мемлекеттері: Грузия Молдова Украина
Шығыс серіктестікте жоқ Қауымдастырылған үштіктің өзге мүшелері: Армения Әзербайжан Беларусь (Беларусь Шығыс серіктестіктегі өз мүшелігін 2021 жылғы 28 маусымда тоқтатты)
Трио + 1 2019 жылғы желтоқсанда Еуронест Парламенттік ассамблеясы бүкіл мүшеден қолдау көрген, 2030 жылға дейін қол жеткізілмек ЕО интеграциясының түрлі мақсаттарын белгілеген резолюция бекітті. Резолюция Шығыс серіктестіктің маңызын белгілеп, алты түрлі мемлекеттің саяси және экономикалық жағынан Еуропа одағына жақындауын жоспарлаған. Резолюция «Трио+1» терминін негіздеді; бұл жердегі үштік (трио) Грузия, Молдова мен Украинаны білдірсе, төртінші мүше Армения болды.
Еуропа одағына мүшелік келешегі нобай|оңға|
2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қауымдастырылған үштік мүшелері Еуропа одағына үміткерліктерін 2024 жылы жібермек болған. Одақ мүшесі болғанын елдер 2030 жылға қарай жоспарлаған. 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруіне реакция ретінде елдер ЕО-ға үміткерліктерін 2022 жылғы ақпан–наурыз айларында жіберді.
2014 жылғы сәуірде Еуропалық парламент Грузия, Молдова мен Украинадағы демократияның талаптарға келетінін және бұл елдердің осылайша Еуропа одағына мүше бола алатынын айтты. 2024 жылғы наурызда Еуропалық парламент Арменияның да бұл талаптарға келетінін айқындады.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша ұйымдар Санат:2021 жылы құрылған ұйымдар Санат:XXI ғасыр халықаралық шарттары Санат:Еуропа одағының өзге мемлекеттермен қатынастары Санат:Украина және Еуропа одағы Санат:Молдова және Еуропа одағы Санат:Грузия және Еуропа одағы Санат:Украина сыртқы саясаты Санат:Молдова сыртқы саясаты Санат:Грузия сыртқы саясаты Санат:Еуроинтеграция