Шымкент қаласы мәслихаты — Қазақстан қаласы Шымкенттің жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. Мәслихат депутаттары Мәжіліс депутаттарымен қатар сайланады. Қалалық мәслихат депутаттары өз міндеттерін қаланы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту арқылы орындайды.

Қазіргі төрағасы — Мұрат Жолдықожаев. Ол, оған қоса, — Әділет партиясы шымкенттік филиалының басшысы.

Тарихы 1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылғы 10 наурызда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бүкілхалықтық сайлау өтіп, Мәслихат деп аталатын бірінші шақырылған өкілді органдар сайланды. 2018 жылғы 23 мамырда ендігі мәслихаттардың пропорциялық сайлау жүйесі арқылы сайланатыны жарияланды. Заң 2018 жылғы маусымда күшке енді.

Сайлау жүйесі Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының сайлануы қатар өтетіндігінен сайлау барысында республикалық маңызы бар қалалардың, яғни Астана, Алматы және Шымкенттің сайлаушыларына төрт бюллетень беріледі. Бюллетеньнің екеуі Мәжіліс депутаттарын; біреуі партиялық тізіммен, басқасы мажоритарлық жүйемен және қалған екеуі дәл сол жүйе арқылы Мәслихат депутатын сайлайды.

Мәслихат депутаттарының бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайланады. Сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады.

Партиялар үміткерлерін ұсынуы үшін аймақтарда тіркелген филиалы болуы керек. Қазақстанның 20 жастан асқан кез келген азаматы мәслихат депутаттығына үміткер бола алады.

2023 жылғы сайлауларға дейін депутаттың бәрі да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын.

Құрылымы Шымкент қаласы мәслихатының 6 тұрақты комиссиясы бар: Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия; Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия; Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия; Кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссия; Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия; Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссия.

Соңғы сайлануы

300pxПартия Дауыс саны % Мандат саны ±Мандат Аманат 178 969 64,48 11 13 Ақ жол ДП 48 729 17,65 3 0 Ауыл ХДПП 32 486 11,77 2 1 Respublica 5 424 1,97 0 Жаңа ҚХП 2 754 1,54 0 0 Байтақ 716 0,26 0 Жаңа Бәріне қарсымын 6 927 —Жалпы дауыс287 754100,00 32Сайлаушы саны/Дауыс бергендер639 66344,98

Дереккөздер

Санат:Шымкент Санат:Қазақстанның жергілікті өкілді органдары