Мариехамн (швед. Mariehamn немесе Маарианхамина, фин. Maarianhamina) — Финляндия құрамындағы автономды аймақ, Аланд аралдарының басты қаласы. Архипелаг теңізінің негізгі порттарының бірі.

Қалада архипелаг тұрғындарының шамамен үштен бірі — 11 875 адам (2024) тұрады. Қала, автономия аумағы секілді, толықтай шведтілді: халықтың шамамен 91%-ы үшін швед тілі ана тілі болып табылады.

Этимология 1861 жылы қаланың негізін орыстар, сондықтан Ресей императоры Александр II-нің жары, императрица Мария Александровнаның құрметіне аталған. XIX және XX ғасырдың басында орыс тіліндегі дереккөздерде қаланың шведше атауы — Мариехамн қолданылған; XX ғасырдың екінші жартысында орысша ресми жазылым ретінде финше нұсқасы — Маарианхамина бекітілді, бұл атау швед және фин тілдерінен «Марияның айлағы» деп аударылады.

Тарихы Жергілікті аңызға сәйкес, Аланд аралдарының тұрғындары жаңа портты ашуды көздеп, қонысқа қала мәртебесін беру үшін Ресей императоры Александр II-ге өз жұбайының есімін ұсынған, сол арқылы олар мәртебе беруге тезірек келісім алуды көздеген. Ал ресми тарихта керісінше, порт Александр II-нің тікелей бұйрығымен салынғаны айтылады, ал құрылыс жұмыстары 1859 жылы архитектор Георг Теодор Шевитцтің басшылығымен Эвернесhttps://www.mariehamn.ax/sites/default/files/attachments/page/Sj%C3%B6fartpromenaden.pdf (швед. Övernäs) және Йомала атты екі шағын ауылдың жанында басталған. 1861 жылы (21 ақпанда) жаңа қоныс қала мәртебесіне ие болып, Мариехамн деген атау берілген. Уақыт өте келе қала аумағы кеңейіп, Йомала қауымдастығының бір бөлігін қамтыды.

Халқы Қала халқының өсу динамикасы:

Жыл Халық саны 1987 9966 1990 10 263 1997 10 408 2000 10 488 2002 10 632 2004 10 712 2006 10 824 2008 11 005 2009 11 123 2010 11 190 2011 11 262 2012 11 346 2013 11 393 2014 11 480 2015 11 461 2016 11 565 2017 11 677 2018 11 743

Дереккөз = ÅSUB's statistical databases

Бауырлас қалалары {| cellpadding="10" |- valign="top" | Висбю, Швеция Коупавогюр, Исландия Крагерё, Норвегия Слагельсе, Дания Торшгавн, Фарер аралдары Курессааре, Эстония Валкеакоски, Финляндия Ломоносов , Ресей

Галерея

Дереккөздер

Санат:Финляндия қалалары Санат:Балтық теңізі айлақтары