Диклофенак — қабынуға қарсы стероидті емес препарат (NSAIDS), фенилацет қышқылының туындыларына жатады. Бос қышқыл, натрий тұзы мен калий тұзы күйінде дәрі ретінде қолданылады.
Алғаш рет 1966 жылыДанилов А. Б. Диклофенак в лечении болевых синдромов. Ciba-Geigy (қазіргі Novartis) компаниясының ғылыми-зерттеу зертханасында жасалған. Тез арада қабынуға қарсы тұрып, анальгетикалық әсер тигізгені үшін бастапқы уақытта ревматологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын. Кейіннен қолдану аясы айтарлықтай кеңейді. Қазіргі уақытта хирургияда, травматологияда, спорт медицинасында, неврологияда, гинекологияда, урологияда, онкологияда жәнеофтальмологияда қолданылады.
Медицинада қолдану аясы Диклофенак ауырсынғанда, қабынғанда және дисменорея кезінде қолданылады.
Препаратты қолдануға көрсетімдер тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті аурулары кезінде: ревматоидты артрит, кәмелетке толмаған ревматоидтық артрит, анкилозды спондилит, остеоартрит, спондилоартрит, остеоартрит; ауырсыну синдромымен бірге жүретін омыртқа аурулары кезінде; буыннан тыс жұмсақ тіндердің ревматикалық аурулары кезінде; подагра ұстап қалғанда; (тек ішекте еритін қабықпен жабылған таблеткалар үшін); қабынумен және ісінумен бірге жүретін жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауырсыну синдромдары кезінде; ауырсыну синдромымен және қабынумен бірге жүретін гинекологиялық аурулар кезіеде(мысалы, бастапқы альгодисменорея, аднексит); ауыр ауырсыну синдромымен, мысалы, фарингит, тонзиллит, отитпен (ретард таблеткаларын қоспағанда) жүретін құлақтың, тамақтың және мұрынның ауыр инфекциялық-қабыну ауруларына қосымша құрал ретінде. Аурудың негізгі лечение жалпы қабылданған принциптерге сәйкес, соның ішінде этиотропты терапияны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқшауланған қызба препаратты қолданудың көрсеткіші болып табылмайды; мигрень басталғанда (тек суппозиторийлер үшін).
Дереккөздер
Санат:Хлорорганикалық қосылыстар