Құрама жотасы () — Батыс Тәңір тауындағы таулы жота, Шатқал жотасының оңтүстік-батыс сілемі.

Сипаттамасы Құрама жотасы солтүстік-батыстан Ферғана аңғарын шектеп, Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан. Құрама жотасының солтүстік-батыс беткейлері Өзбекстандағы Ташкент облысының аумағында орналасқан. Оның ұзындығы шамамен 170 км және жеке шыңдардың биіктігі 3769 метрге дейін (Бабайаб тауы) жетеді.

Орта таулы жер бедері басым. 2300 метр биіктікте қылтанақты-қылқан жапырақты ормандар, арша селдір тоғайлары, солтүстік беткейлерінде грек жаңғағы, альпі шалғындары мен бетегелі далалар, ал төменгі беткейлерде — далалар мен ксерофильді бұталар кездеседі.

Жота — Ангрен және Сырдария өзендері алаптарының су айырығы болып келеді.

Құрама жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде мыс (Қарамазар) және флюорит (Науғарзан) кен орындары бар.

Әдебиет thumb|left|200px|Ташкент облысының сұлбалы картасындағы Құрама жотасы Кураминский хребет. Географический энциклопедический словарь: Географические названия /Гл. редактор А. Ф. Трёшников. М.: «Советская энциклопедия», 1986, — 528 с. С. 240.

Санат:Өзбекстан жоталары Санат:Тәжікстан жоталары Санат:Тәңір тауының жоталары