Чарльз Огастус Линдберг (; 4 ақпан 1902, Детройт, Мичиган — 26 тамыз 1974, Мауи аралы, Гавайи) — американ ұшқышы.

Ол Атлант мұхитын жалғыз өтіп ұшқан алғашқы адам (Нью-Йорк — Париж маршрутымен 1927 жылдың 20—21 мамырында).

Осы тарихи ұшуынан соң Time журналы оны «Жыл адамы» деп салтанатты түрде атайды.

1954 жылы оған өзі жазған автобиографиялық кітабы үшін Пулитцер сыйлығы табысталды.1954 Pulitzer Prizes

Линдбергтің жетістігі коммерциалды авиацияның және әуе поштасының дамуына зор үлес қосты.

Дереккөздер

нобай|солға|300px|Линдберг ұшағының суреті

Санат:АҚШ ұшқыштары